
19 қаңтарда Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының кезеңі өтті.
Жалпы бұл бәсекеге 61 спортшы қатысса, Қазақстан құрамасы сапынан 4 спортшы жүлдеге таласты. Кезең қорытындысы бойынша құрама сапынан Александр Савин қола жүлдегер атанып, Қазақстан командасына жалғыз жүлдені сыйлады. Ал алтын Дмитрий Швелидзеге бұйырды.
Сонымен қатар, Кирилл Павлов 8-ші, Святослав Аксенов 11-ші, Ильхамжан Анарқұлов 16-шы орын алды.