Ниццада грек-рим күресі шеберлері 5 жүлдеге қол жеткізді

Ниццада грек-рим күресі шеберлері 5 жүлдеге қол жеткізді

18-19 қаңтар аралығында Францияның Ницца қаласында грек-рим күресінен Гран-при бәсекесі өтті.

Қазақстан құрамасы халықаралық сайыста 5 медальге ие болды.

Аманғали Бекболатов (55 кг. дейінгі салмақ) пен Демеу Жадыраев (77 кг. дейінгі) бозкілемде қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Ал 130 кг. дейінгі салмақта күрескен Нұрмахан Тыналиев ақтық сында қарсыласқа есе жіберді.

Сондай-ақ, Жансерік Сәрсенбиев (55 кг. дейін) пен   Алмат Кебіспаев (67 кг. дейін) қола жүлдегер атанды.