«Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының I Слеті өтті

«Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының I Слеті өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 26-27 қыркүйекте Алматы қаласында «Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының I Слеті өтті.

Шараны  ұйымдастырған «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ (әрі қарай, ЗНКААРК). Жастар жылына орай ұйымдастырылған Слеттің мақсаты – жас мамандардың шығармашылық жетістіктерін айқындау және осы салада тың әдістерді енгізу, ұжымда позитивті жұмыс тәртібін қалыптастыру. Сонымен қатар, кітапхана саласының мамандарының өзара тәжірибе алмасып,   біліктілігін арттыру.

Екі күнге жоспарланған жас кітапханашылар Слетінің ашылу салтанаты ҚР Ұлттық кітапханасында өткізіліп, екінші күнгі негізгі шаралар «ЗНКААРК» РММ-сінде жалғасты.

Слетке Қазақстан Республикасының ЗНКААРК қарасты облыстық, қалалық арнайы кітапханалары мен арнайы бөлімдерінің басшылары мен жас кітапханашылары қатысты.

Шара барысында аталған мекеменің директоры Асхат Байұзақов биылғы Жастар жылында жас мамандарға ерекше назар аударылып, олардың біліктілігін арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтты.  

Слеттің пленарлық отырысында Л.Н. Гумилев атындағы мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының қызметкері Гүлхая Жyaшбaeвa, Қазақ Ұлттық Университетінің тарих, археология және этнология факультетінің аға оқытушысы,кітапхана ісінің магистрі Назгүл Денгельбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетінің аға оқытушысы, докторанты – Шынар Усенбаева, Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің кітапхана ісі мамандығының студенттері Ернар Ергеш пен Рысгүл Даутановалар және т.б. баяндама жасады.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханамен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстандық Кітапханалық Одақ ЗТБ маманы, Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Ажар Юсупова арнайы кітапхана басшыларына Қоғам трансформациясы – кітапханалар трансформациясы тақырыбында семинар-тренинг, ал, республика бойынша жиналған жас кітапханашыларға ҚР Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі Әлия Сайдембаева Қазіргі қоғамдағы кітапханалардың инновациялық қызметі атты шеберлік сыныбын өткізді. Автоматтандырылған ақпарат жүйесі – ҚР-ның арнаулы кітапханасы («ААЖ – ҚР АК») бағдарламасының авторы, Дина Ізбасарова және Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Татьяна Рогаткина Слетке қатысушыларға «Әмбебап ондық жіктеуге (ӘОЖ) көшу және «ААЖ – ҚР АК» бағдарламасының ӘОЖ-ге өтуін бағдарламалық қамтамасыз етуге бейімдеу» арнайы бағдарламасы бойынша 3 сағаттық тәжірибелік семинар өткізді.

Қазақ Ұлттық Университетінің ұстазы, PhD докторант, Аян Жолдасов жас мамандарға «Әлеуметтік желілерде арнайы кітапхаларды және кітапхана  қызметін насихаттау» тақырыбында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мен ҚР Ұлттық кітапханасының facebook, instagram, vkontakte парақшаларын салыстырып шолу жасады.

Слетке арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген, «Global Inclusive innovation мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Ғалымжан Габдрешов зағип жандардың кеңістіктегі бағдарын анықтайтын «Sezual» тифлоқұрылғысының авторы, әрі осы бірлестіктің төрағасы. Ғалымжан Габдрешов «Sezual» тифлоқұрылғысының көмегімен зағип жандар алдындағы кедергіні, оның қашықтығы мен биіктігін, не зат екенін 0.12 сек ішінде анықтай алатынын, қозғалатын заттарды (автомобильдер, жаяу жүргіншілер және т.б.) бақылауға мүмкіндік беретінін тәжірибе жүзінде көрсетті.

ҚР арнайы кітапханаларының интеграциясы, заманауи форматта дамыту тақырыбындағы өзекті мәселе – қазақ  латын әліпбиінің Брайль қарпіне көшіру. Кітапхана директорының орынбасары, Мақсұт Джумабеков Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына сараптама жасауға жолданған, қазақ латын әліпбиінің Брайль қарпіне бейімделген жобасымен таныстырды

«Арнайы кітапханаларда тифлотехникалық құралдарды қолдану» тақырыбында ЖШС «САТР орталығы» менеджері, Сергей Дядюля пен тифлотехникалық құралдарды қолдану бойынша нұсқаушы  Анатолий Мигай сөз алып, орталықтың зағип жандарға арналған тифлотехникалық құралдары мен мектеп оқушыларына арналған оқулықтары жайында мәліметтер берді.

М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, қолжазба бөлімінің меңгерушісі – Тоқтар Әлібек, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Рашид Оразов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Талдыбек Нұрпейіс және Жетісу жыршысы, белгілі композитор Жылбек Тоқтасыновтардың қатысуымен «Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры: тарихи сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының I Слетіне қатысушы арнайы кітапхана басшылары мен жас кітапханашылары айтылған  ой-пікірлерді негізге ала отырып, ортақ тұжырымға келді:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңына Кітапхана ісі оның ішінде арнайы кітапханалар туралы баптар енгізілуіне ұсыныстар беру.
  • Республиканың зағип және нашар көретін азаматтары үшін кітапханалық іс-әрекеттің модельдік стандартын әзірлеу және қабылдауды жеделдету.
  • Арнайы кітапханаларда кітапхана қызметкерлері үшін ағылшын тілі курстары мен жалпы қызметкерлерді Брайль жүйесінде сауаттандыруды ұйымдастыру.
  • Арнайы кітапханаларда психолог пен тифлопедагог лауазымын қарастыру.
  • Арнайы кітапханаларда коворкинг орталықтарын ашуға ықпал ету.

248 410 қоры бар Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Кітапхана – руханият мекені» атты ауқымды кітап көрмесі жасақталды. Кітапхана – нүктелі-бедерлі және үлкейтілген қаріптегі әдебиеттердің, жайпақ баспадағы әдебиеттердің, тактильді, дыбыстандырылған кітаптардың, фонографтардың, фильмдердің баға жетпес қоры. Қазіргі уақытта түрлі классикалық туындылар, орфографиялық, ғылыми фантастика, көркем әдебиеттер, сонымен қатар, көптеген басқа тілдерде жазылған әдебиеттер қордан орын алған. Кітапхана жыл сайын 3000-нан астам оқырманды қабылдайды.

Айта кетейік, ҚР бойынша зағип жандарға 1 республикалық, 9 облыстық 5 қалалық кітапхана мен 2 кітапханалық бөлім қызмет