Кітапхана ісі бойынша көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті

Кітапхана ісі бойынша көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті

25 қыркүйекте сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Н. Дәуешовтің төрағалығымен Министрлік жанындағы Кітапхана ісі бойынша көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры К.Қ. Сейітова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.А. Пазылова, облыстық, қалалық, көпшілікке арналған кітапхана басшылары мен еліміздің білім саласындағы жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары, еліміздің шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен жалпы кітапханашылар қатысты.

Өз кезегінде «Қазақстандық кітапханашылардың сындарлы қоғамдық диалогты дамытудағы рөлі» тақырыбында өткен отырыс қатысушылары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына қолдау білдіретінін, сондай-ақ аталмыш Жолдау аясында мәдениет саласы қызметкерлерінің, соның ішінде кітапханашылардың айлық еңбекақыларының көтерілетінін шын көңілмен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Көркемдік кеңестің отырысының аясында кітапхана ісі саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіру, авторлық құқық, кітапхана қорын толықтыру және олардың материалдық-техникалық базаларын арттыру, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру және жас мамандарды даярлау, Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапхананы жетілдіру мәселелері қаралды.

Өз кезегінде отырысқа қатысушылар бүгінгі таңда облыстық және аудандық кітапханалар деңгейінде міндетті тегін дананы енгізу, кітапханалық коллектор құру, шетелдік кітапханалар ассоцияларының жұмыстарына отындық сала мамандарының белсенді қатысу қажеттілігіне тоқталды.