
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Оман Сұлтандығынан келген қонақтарды қабылдады. Кездесу барысында министр Оман Ұлттық музейінің директоры Джемаль Аль-Мусавимен екіжақты мәдени байланыстарды дамыту тақырыбында сөз қозғады.
Одан бөлек, тараптар мәдени құндылықтар мен тарихи орындарға қатысты ой бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 3 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Оман Сұлтандығының Ұлттық музейі екіжақты ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойған болатын.