
Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Ташкентте Қазақконцерт солисі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке концерт береді.
Халық әртісі әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Оның репертуарында өзбектің халық әндері мен Өзбекстан композиторларының көптеген әндері бар.
Мақпал Жүнісова 1987 жылы Өзбек КСР Орталық Комитетінің арнайы шақыруымен Ташкент қаласында жеке концерт берген.
Халықтың сүйікті әншісі 2013 жылы Германия, Монғолия, Қытай, Ресей, Франция, Үндістан мемлекеттеріндегі концерттік турне аясында да Өзбекстан астанасына арнайы концерттік бағдарламамен барған.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісовамен бірге Ташкентте «Қазақконцерт» ұйымының «Astana sazy» мен «Saz&soul» ансамбльдері де өнер көрсетеді.