Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Ұлыбританияның ашық чемпионаты - Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.
Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Тунис мемлекетінің өкілі Онс Жабермен кездесіп, оны жалпы есеппен үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 жеңді.