«Сарайшық музей-қорығы тарихы» атты кітаптың тұсакесері өтті

«Сарайшық музей-қорығы тарихы» атты кітаптың тұсакесері өтті

Бүгін Қазақ хандығының астанасы болған ортағасырлық Сарайшық қалашығы орналасқан Сарайшық ауылындағы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық директоры Ә.Мұқтар мен Ж.Диярованың «Сарайшық музей-қорығы тарихы (1963-2019 жж.)» атты кітабының тұсакесері өтті.

Тұсакесерге  журналистер, ауыл ақсақалдары, мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты. Монография  Атырау облысы әкімдігі мен Алматы қаласындағы «Арыс» қоры баспасы басшысы ф.ғ.д., профессор Ғарифолла Әнестің қолдауымен жарық көрді.

Іргелі еңбек ортағасырлық Сарайшық қалашығы тарихынан мол сыр шертетін Сарайшық музей-қорығының қалыптасу, даму тарихын зерделеуге арналған. Монографияда музей қорықтың ұйымдастырылу, ашылу сәтіндегі Елбасы Н.Назарбаевтың,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі И.Тасмағамбетовтың ерен еңбектері алғаш рет архив қоры құжаттарымен сөйледі.

Сонымен бірге музей- қорықтың бүгінгі жайы, оның кешенді дамуы және осы бағыттағы мемлекеттік саясатта анық көрініс тапқан. Мемлекет тапсырмасына сәйкес облыстық деңгейдегі музей қорықтың республикалық мекемеге айналуы, Жайық жағалауының бекітілуі, жаңадан Сапар орталығының салыну маңыздылығы кеңінен тарқатылады. Осы мақсаты іс жүзіне асырудағы облыс әкімі      Н.Ноғаевтың атқарған қызметтері де нақты құжаттармен дәйектелген. 

Тұсаукесерге қатысушылар монографияға жоғары бағасын берді. Еңбекті талқылауға тарихшы археолог А.Тұрарұлы, мектептің тарих пәнінің мұғалімі Г.Ауданова, магистр Ж.Диярова мен  ауыл жастары атынан Н.Дюсешова қатысты.