Жапонияда дзюдодан өтетін «Grand Slam» бәсекесіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

Жапонияда дзюдодан өтетін «Grand Slam» бәсекесіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

22 - 24 қараша аралығында Жапонияның Оскада қаласында дзюдодан «Grand Slam» жарысы өтеді.
Аталған додада ел намысын 10 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:
Рустам Ибраев (-60 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Жанболат Багтбергенов (-73 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, «Grand Slam» жарысында жеңімпаз атанған спортшыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылса, екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.