
БАӘ– де 16-24 қараша аралығында джиу-джитсуден әлем чемпионаты басталады. Ауқымды шараға әлемнің 70 мемлекетінен 1,5 мыңнан астам спортшы қатысады. Жекпе-жек ересектер, жастар, спорт шеберлері арасында өтеді. Жарысқа қатысушылар сапында біздің елден барлық санаттар бойынша 90-нан астам спортшы бар.
«Бұл жолы қазақстандықтар өткен жылдың нәтижесін жақсартып, екі алтын медаль алады деген болжам бар. 2016 және 2017 жылдары команда алтын медаль ұтып алған. Елдос Қабденов, Нұржан Сейдуали, Дархан Нортаев жеңімпаз атанған», - деп мәлімдеді NE-waza system құрамасының аға жаттықтырушысы Қуат Сағиев.
Әлем чемпионаты JJIF халықаралық джиу-джитсу федерациясының ережелері бойынша fighting, ne-waza және duo system стилінде өтеді.