Ақын Фариза Оңғарсынованың қос кітабының тұсаукесері өтті

Ақын Фариза Оңғарсынованың қос кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Нұр -Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың «Шілде», «Полдневный жар» атты қос кітабының тұсаукесері өтті.

Алқалы жиынға ақынның замандастары, әріптестері, тумаластары, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, халық қалаулылары, ЖОО студенттері, ақын-жазушылар және т.б. қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, казақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші жобасы асында жарық көрген кітапты орыс тіліне аударған ақын, әдебиеттанушы, аудармашы Татьяна Фроловская.

Айта кетейік, кітаптың кіріспе сөзін  жазған әдебиеттанушы, сыншы Сергей Баруздин, пікір жазған сыншы Искра Денисова, суретші дизайнер В.В.Медведев.