
Бүгін Мөлдір Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында джу-джитсудан өткен әлем чемпионатында ел қоржынына алтын медаль салды.
«JJIF халықаралық джу-джитсу федерациясының рейтингінде мен бірінші орында тұрдым, сондықтан мен алғашқы айналымнан автоматты түрде өттім. Екінші жекпе-жекте канадалық спортшымен шықтым. Оны жеңгенен кейін, 2017 жылдың чемпионымен кездесетін болғанмын. Алайда ол швед спортшысынан жеңіліп қалды. Ойламаған жерден үшінші жекпе-жекте Швед елінің спортшысын жеңіп, финалға жолдама алдым. Онда мен Ресейдің тәжірибелі спортшысымен күш сынастым. Финалда мен қылқындыру əдісін қолданып, жеңімпаз атандым», - деп жазады Мөлдір әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, джу-джитсудан Әлем чемпионаты БАӘ – де 24 қарашаға дейін жалғасады.