
Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» жол картасын жүзеге асыру бойынша Мәдениет және спорт министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған мәселелерді талқылау мақсатында жұмыс тобымен кездесті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрлері Елдос Рамазанов пен Өркен Бисақаев, кинематография және театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова, тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы Әлібек Күзербаев, паралимпиадалық жаттығу орталығының директоры Шыңғыс Темірбеков, Ссорт және дене шынықтыру істері комитеті спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Дәурен Жүсіпназаров қатысты.
Басқосу барысында аталған «Жол қартасының» туризм, спорт, мәдениет саласына қатысты тұстары талқыланды. Сонымен қатар, бағынысты мекеме өкілдері өз салаларына байланысты алдағы жоспарларымен таныстырды.
Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласында тұратын көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылған, мүгедек бала бағып отырған, жалғызбасты аналары аталған жоба бойынша көкейінде жүрген сауалдарын қойды.
Кездесуді қорытындылай келе вице-министр Елдос Рамазанов айтылған өтініштерді қарастырып, нақты жауабын беру үшін бағынысты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.