Ұлытауда ішкі туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес отырысы өтті

Ұлытауда ішкі туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес отырысы өтті

«Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей – қорығында өткен «Ішкі туризмді дамытудағы БАҚ ролі» атты кеңесті жүргізген аудан әкімі Берік Әбдіғали ішкі туризмді дамыту және оның БАҚ-та жазылу мәселесіне тоқталды.

Алқалы басқосуға Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай, «Алаш айнасы» порталының директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет  қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, сазгер  Серік Жанболат, «Хабар» арнасының ардагері, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің хатшысы Арман Сқабыл, дәулескер күйші, «Шабыт» Өнер университетінің  оқытушысы  Жанғали Жүзбай, халықаралық журналист Сағат Батырхан, «Дидар» телеарнасының директоры Б.Әлеуханұлы  және басқа да қонақтар қатысты.

БАҚ өкілдері аудан басшылығына алдағы жылы атап өтілетін  Алтын Орданың 750 жылдығына қатысты бірқатар сауалдарды қойды. Журналистердің сұрақтарына саясаткер, тарихшы, аудан әкімі Берік Әбдіғали мен «Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей – қорығының  директоры Бақтияр Қожахметов тыңғылықты жауап берді.

Кеңес соңында қатысушылар өлке тарихынан сыр шертетін бейне фильмді тамашалап, экспонат залын аралады.