«Қазақстан» орталық концерт залында «Сертіне берік сақшылар» атты мерекелік-концерт өтті

«Қазақстан» орталық концерт залында «Сертіне берік сақшылар» атты  мерекелік-концерт  өтті

Биыл халқымыздың құқығын қорғап, қылмысқа қарсы күресіп, қоғамның қауіпсіздігін сақтап жүрген – Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына - 30 жыл.

1992 жылдың 23 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін еліміздің ішкі қауіпсіздігі үшін құрылған ең қажетті орган.

Қазақстан полициясы құрылуының  30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен «Сертіне берік сақшылар» мерекелік-концерті 23 маусымда сағат 19:00 де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтті.

Концертке Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің хоры, Қазақстан Республикасының халық артисі – Нұржамал Үсенбаева, Халықаралық конкурстардың лауреаттары – Бауыржан Исаев, Расул Жармағамбетов, Халықаралық конкурстардың жеңімпазы – Бауыржан Исаев, «Витебскідегі Славян базары» ХХХ халықаралық өнер фестивалі аясында «Витебск-2021» халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының бас жүлдегері Руһия Байдүкенова және т.б. қатысты.