
Қазақстанда екі миллион оқушы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады. Балаларды қосымша спорт секцияларымен және үйірмелермен қамту 73% құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 500 мыңға жуық бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру жүйесі аясында 15 мыңнан астам үйірме мен секцияға барады. Мұндай мәліметтерді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Сонымен қатар, ведомство басшысы «Артспорт» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыратынын, ал әкімдіктер қажетті қаражат табатынын айтты.
Қазіргі таңда елімізде 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылған, оның 32-сі аудан орталықтары мен ауылдарда ашылды. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде спорттық іс-шаралар мен секцияларды ұйымдастыруға жауапты 3064 жаттықтырушы жұмысқа алынды. Жастарды спортқа тарту үшін өткен жылы баскетбол, волейбол, футзал, қазақша күрес, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен мектепішілік және студенттер арасында ұлттық лигалар өткізілді.
Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы тағайындалды. Яғни, бұл ретте 30 мыңнан астам дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қамтылды. 2022-2024 жылдары аталған мақсатта аймақтарға қосымша 21 млрд теңге бөлінеді.
Бұдан әрі министр спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру жүйесінің жұмысы туралы хабардар етті.
«Біз ешқашан жауапкершіліктен қашпаймыз. Бағдарлама жабылады деуге де ешқандай негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер төленетінін атап өткім келеді. Өңірлер бұған қажетті қаражат бөледі», - деді Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясы аясында бағдарламаға енгізілетін өзгерістер туралы белгілі болды.
Бірінші кезеңде өзгерістер биылғы жылдың мамыр айында енгізілді. Жаңа нормаларға сәйкес, оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді, әкімшіліктердің өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды, сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілуіне электронды және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді.
Екінші кезең шеңберінде мынадай іс-шаралар қабылданатын болады:
Бұл ретте осы нормалардың сақталуын бақылауды қоғамдық ұйымдармен және тікелей бағдарламаға қатысушылардың өздерімен бірлесіп жүзеге асыру ұсынылады.