
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен "Сұлулық әлемді құтқарады" атты симпозиум аясында халықаралық көрменің ресми ашылуы өтті. Көрме бүгіннен бастап 7 шілдеге дейін Орал қаласы “Атамекен” өнер ордасында жалғасады.
Нұрғиса Мұратұлы суретшілердің жұмыстарымен танысып, алдағы шығармашылық жолында сәттілік тіледі.
Суретшілерден шеберлік дәрістерін алған жоғары оқу орындарының студенттеріне сертфикат табысталды. Симпозиумға қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, марапаттау рәсімі өтті.