
Бүгін, 15 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Орал қаласында «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты өтті.
Симпозиумның басты мақсаты - Халықаралық дәрежедегі суретшілермен тығыз байланыс орнатып, еліміздің мәдени қорын кеңейту, қазақ елінің мәдениеті мен өнерінің дамуы, рухани байуын суретшілердің қылқаламы арқылы жеткізу. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Халықаралық суретшілер арасындағы достық, мәдени және шығармашылық байланыстарды дамыту және нығайту.
Қазақстанның атақты суретшілерінің біріккен симпозиумын ұйымдастыру арқылы рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуын үлгі етеді. Ұлттық мәдениет пен руханияттың дамуын айқындай отырып, ұлттық кодымызды сақтауда бейнелеу өнерінің рөлі зор екенін айқын көрсетеді.
Симпозиумға Қазақстан мен Түркия, Қытай, Иран, Әзербайжан, Ресей, Өзбекістан елдерінен 20-ға жуық белгілі суретшілер қатысады.
Айта кетейік, симпозиум 19 маусымға дейін жалғасады.