«Айбоз» ұлттық тұңғыш әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді

«Айбоз» ұлттық тұңғыш әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді

15 маусымда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында (Нұр-Сұлтан қ., Достық көшесі 11) «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді.

Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар қатысады.

Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады. Олар:

  1. «Үздік проза»

  2. «Үздік поэзия»

  3. «Үздік драматургия»

  4. «Үздік әдеби аударма»

  5. «Үздік балалар әдебиеті»

  6. «Үздік комикс»

  7. «Үздік кітап дизайны»

Әдеби сыйлыққа отандық қаламгерлер қатыса алады. Ұсынылатын еңбектерді 2022 жылғы 15 маусым­ – 1 қазан аралығында aiboz.2022@gmail.com электронды мекенжайына жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады (Толығырақ ақпаратты  http://aiboz.kitap-palatasy.gov.kz/  сайтынан көруге болады).