III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды шығарып салу рәсімі өтеді

III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды шығарып салу рәсімі өтеді

Ертең сағ 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Сарыарқа» велотрегінде (Қабанбай батыр, 42) Қазақстан Республикасының Жасөспірімдер Ұлттық құрамасын III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков қатысады.

Айта кетейік, 9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Жарысқа әлемнің 70-тен астам мемлекетінен 2000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыс 14 спорт түрі бойынша өткізіледі. Қазақстандық спортшылар спорттың 9 түрінен 26 лицензия иеленген.