
2022 жылдың 11 маусымында Қазақстанда «Бозоқтан Ботайға дейін» атты экспедиция басталады. Жеті күндік экспедицияның мақсаты-археологиялық ескерткіштерді және Бозоқ қалашығының жалпыұлттық маңызы бар объектісін танымал ету. Шабандоздар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне саяхат жасауды жоспарлап отыр.
Экспедиция «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында басталып, 7 күннен кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ботай» археологиялық ескерткішінде аяқталады.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, археолог-ғалымдар, At-travel ат клубының мүшелері және қоғам өкілдері қатысады.
Өтетін уақыты мен орны: 11 маусым, сағат 10:00-де, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағы.
Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номерлері арқылы хабарласуға болады: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru (ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК өкілі).