Сарайшықты насихаттайтын бильбордтар қойылды

Сарайшықты насихаттайтын бильбордтар қойылды

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен туризм нысаны ретінде республикалық Атырау-Орал, Атырау-Сарайшық тас жолына ортағасырлық Сарайшықты насихаттайтын 6 жарнамалық безендіру сипатындағы бильборд қойылды. Ондағы 3 бильборд 3х9 м., 3 бильборд 3х6 м көлемде дайындалған.

Бильбордтарда «Сарайшық – Қазақ Елінің астанасы (ХҮІ ғ.)», «Сарайшық - Жошы Ұлысы – Алтын Орданың рухани орталығы», «Сарайшық – Европа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолының алтын көпірі», «Сарайшық – Алтын Орда, Қазақ хандығы және Ноғай Ордасы билеушілерінің мәңгілік мекені», «Аңызға айналған Сарайшықтың Аққу көлі», «Сарайшық – қолөнершілер орталығы (ХІІ-ХҮІ ғғ.)» атты мәтіндер жазылған.