
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы Мамыр ауданында орналасқан қарттар үйінде концерт қойды.
«Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарадан соң қариялар ерекше қуанышқа бөленіп, алғыстарын жаудырды. Қазыналы қарттарымыз аман болсын», - дейді ұйымдастырушылар.
Бұл концертте Құрманғазы оркестрі қазаққа белгілі Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас сынды күйшілер мен шетелдік композиторлардың танымал шығармаларын орындады.