Фархат Әбдірайымов балалар үйіндегі Жаңа жылдық мерекеге қатысты

Фархат Әбдірайымов балалар үйіндегі Жаңа жылдық мерекеге қатысты

«Қазақфильм» киностудиясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Бүгін танымал актер Фархат Әбдірайымов бастаған «Қазақфильм» киностудиясының делегациясы Алматыдағы №1 балалар үйінде өткен Жаңа жылдық мерекеге қатысты.

Фархат Әбдірайымов балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға «Қазақфильм» киностудиясының үздік туындылары және анимациялық фильмдері кірген антологиясын, Ш. Айманов туралы кітаптар мен тәтті тағамдарды тарту етті. Балалар үйінің тәрбиеленушілері Фархатпен суретке түсті.