28 желтоқсан - жалпыұлттық аза тұту күні

28 желтоқсан - жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін 27 желтоқсанда таңертең Алматыда Bek Air әуекомпаниясының ұшағы әуеге көтерілген бетте тиісті биіктікті еңсере алмай апатқа ұшырады. Ресми мәлімет бойынша ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.