
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай еліміздегі мәдениет және спорт тақырыбына қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері мен министрліктің ақпараттық жұмысын ілгерілетуге үлес қосқан баспасөз хатшыларын Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттады.
Министр еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін журналистер қауымына алғыс білдірді.