
Бүгін Атырау қаласында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Өлке тарихы және оның өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директоры, т.ғ.д., профессор З.Қабылдинов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.д. Ғ.Халидуллин, Орал қаласы Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей меңгерушісі Н.Төлепов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы ғалымдары, жергілікті өлкетанушылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ортағасырлық Сарайшық қаласы және оны кешенді зерттеу бағыттарына арналған мәселелерді талқылады. Алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар реті нақтыланды.
Шара барысында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМҚК бірлескен келісім - шартқа қол қойды. Келісім- шарт мақсаты-ғылыми зерттеулер жүргізу, іргелі жобалар жасау, өзара ақпарат алмасу.