
21-23 желтоқсан аралығында Люксембургте көркем гимнастикадан «Люксембург кубогі» атты халықаралық турнирі өтті.
Бұл сынға Қазақстан құрамасы сапынан 13 спортшы қатысты.
Ересектер арасында көпсайыс қорытындысы бойынша қазақстандық Диана Звонарева 70,4 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Израиль гимнастшысы топ жарса, күміс италиялық спортшыға бұйырды.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Аружан Қасенова (61 ұпай) алтын алқа алды. Ал Айдана Мамжан 60,7 ұпай жинап, жетінші орыннан көрінді.