
Бүгін Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы жылының салтанатты жабылуы аясында гала-концерт өтеді.
2019 жылғы 15 сәуірде Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеевтің қатысуымен Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы өткен болатын.
Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында көптеген форумдар, конференциялар, көрмелер, сондай-ақ бірқатар мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізілді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялқ серіктестік және жемісті ынтымақтастық, соның ішінде мәдени өзара әрекеттестік қазіргі уақытта одан жоғары деңгейге көтерілуде.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Жылының жабылуы аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті мен арнайы көрме ұйымдастырды.
Концертке Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Желтыргузов, Медет Чотабаев, Ардақ Балажанова, Батыржан Мықтыбаев, Әлішер Кәрімов, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары қатысады.