Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзенің мұзайдын шоуына қатысады

Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзенің мұзайдын шоуына қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрама командасының мүшесі Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзенің 2020 жылдың 3 сәуірінде Пермь қаласында өтетін мұзайдын шоуына қатысады.

Бұл шоуда Этери Тутберидзенің Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек шәкірттері, Олимпиада чемпионы Алина Загитова, Александра Трусова, Алена Косторная, Анна Щербакова, Камила Валиевалар өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, ресейлік жұлдыздар Евгения Тарасова, Владимир Морозов, Виктория Синицына, Никита Кацалаповар да мұз айдынына шығады.