
Желтоқсанның 17-19 аралығында Түркияның Стамбұл қаласында Түркі әлемі киногерлері қауымдастығының конференциясы өтті. Алқалы басқосуда кино өндірісі саласындағы келелі мәселелер, білім беру, кадр дайындау, ынтымақтастық, киноөнімдерін өткізу, халықаралық қатынастарды дамыту және т.б мәселелелер талқыланды.
Бұл мәдени іс-шараға Қазақстан атынан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов, «Қазақфильм» киностудиясының басқарушы директоры Қанат Төребай және танымал режиссер Рүстем Әбдірашев қатысып, шетелдік әріптестерімен бірқатар келіссөздер жүргізген болатын.
Кездесулердің нәтижесінде Арман Әсенов «Түркі әлемі кинематографистері қауымдастығы» атқарушы комитетінің құрамына кірді. Арман Әсеновтің кандидатурасын енгізу туралы шешімді Қауымдастық мүшелері бірауыздан қолдады.