
15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбедегі «Мұз айдыны» спорт кешенінде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті.
Қазақстандық палуандар осынау байрақты бәсекеде 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Әлем чемпионатында бес палуан ел қоржынына 5 алтын медаль салды.
Жеңімпаздар қатарында Дәулет Ниетбай (55 кг), Қуаныш Ысқақов (66 кг), Айдос Ғалымов (74 кг), Нұрым Сәлімгереев (100 кг), Руслан Әбдіразақов (+100 кг) бар.