
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Құрметті достар!
Ұлы даланың - Ұлық мерекесі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Осыдан 28 жыл бұрын 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болып жаңа тарихын бастады. Халқымыздың бірлігі, еңбекқорлығы, елдігімізге беріктігі, Республика басшылығының азаматтардың мүддесін қорғаудағы бірізді саясатының арқасында мемлекет тарихында тың, табысты өзгерістер орын алды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ішкі және сыртқы саясаты халықаралық аренада біздің мемлекетіміздің беделін нығайтты.
Осы айрықша мәнді мереке күні барша қазақстандықтарға, әр отбасына денсаулық, береке, табыс тілеймін! Ортақ үйіміз - тәуелсіз, егемен Қазақстан көркейіп гүлдене берсін! Мереке құтты болсын, қымбатты достар!,- деп жазылған құттықтау хатында.