Нұр-Сұлтанда «Dенистің Dостары» атты мұзайдын шоуы өтті

Нұр-Сұлтанда «Dенистің Dостары» атты мұзайдын шоуы өтті

«Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған «Dенистің Dостары» атты мұзайдын шоуы өтті.

«Денис Тен және оның достары» атты шоу бағдарлама даңқты спортшы Денис Теннің бастамасымен өткізіле бастаған еді. Осы іс-шара арқылы Денис еліміздеге мәнерлеп сырғанаудың дамуына мұрындық болып, әлімдік деңгейдегі танымал мәнерлеп сырғанаушыларды шақырып халықаралық әріптестікті нығайтуға үлес қосқан болатын.

Шоуға екі дүркін Олимпиада чемпиондары Татьяна Волосожар мен Максим Траньков (Ресей), Әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегерлері Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже (Канада), Олимпиада жүлдегері Джереми Эббот (АҚШ), 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Екатерина Гордеева (Ресей), 2 дүркін Еуропа чемпиондары Юко Кавагути мен Александр Смирнов (Ресей), жастар арасында 2 дүркін әлем чемпионы Екатерина Радионова (Ресей), Мари-Пьер Лерэ (Франция), Дмитрий Кашаев, Елизавета Шанаева мен Девид Нарижный, Григорий Забелло мен Анатолий Сластин (барлығы - Ресей) сынды достары өнер көрсетті.

Екі бөлімнен тұратын шоуда мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен жазған және бақ сынаған музыкалық туындыларға биледі. Сонымен қатар, мұз айдында аты аңызға айналған спортшының хореографиялық қимылдарын да жанкүйерлер есіне қайта түсірді.