
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжіне барды.
Министр колледж ұжымымен кездесіп, белгілі спорт майталманы Дәулет Тұрлыханов атындағы палуандар залын ашты.
Колледж және мектеп оқушылары спорттың 16 түрінен жас аралықтарына сай Қазақстан Республикасының 78 чемпионатына қатысып, 229 алтын, 192 күміс, 205 қола медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, «Республикалық спорт колледжі» РМҚК – еліміздегі олимпиадалық резервтегі дарынды спортшыларға білім және тәрбие беретін, спорт саласында арнайы орта білімді мамандарды даярлайтын оқу орны. Қазіргі уақытта колледждің 210 оқушы-студенті спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшесі.