Зарина Дияс халықаралық турнирде жеңіске жетті

Зарина Дияс халықаралық турнирде жеңіске жетті

Зарина Дияс ITF сериясындағы халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді.  Финалда Зарина қытайлық Чжу Линьді 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық спортшының үлкен теннистегі оныншы жеңісі. Айта кетейік,  Зарина Дияс  енді "Shenzhen Open" ашық турниріне қатысады. Онда қазақстандық спортшының қарсыласы қытайлық Инъин Дуань болады.