
Осы жылдың сәуір айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру туралы Жарлыққа қол қойды. Іс-шаралардың бірі - Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (ККО) санын екі есеге қысқарту.
Осы тапсырма шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тұрақты жұмыс істейтін ККО мен комиссияларға аудит жүргізді, оның қорытындысы бойынша оларды оңтайландыру және қысқарту туралы шешім қабылданды. Осылайша, қолданыстағы 18 ККО-ның тек 7-і ғана жұмысын жалғастырады.