
Бүгін, 24 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес құрамына көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым, бизнес-қоғамдастық және салалық одақтар өкілдері кірді. Ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағалығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов сайланды.
Отырысты ашқан Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі мақсаты- мәдениет, архив ісі, спорт және туризм салаларындағы қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру екенін атап өтті.
«Қоғамдық кеңес-азаматтық институттар, нарық және мемлекеттік органдар арасында қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін пәрменді тетік. Сіздердің пікірлеріңіз бен кері байланыс қоғам тынысын дөп басуға, сонымен қатар заман көшінен қалмай, уақыт үнін ұғынуға мүмкіндік береді. Министрлік барлық өзекті мәселелер бойынша ашық диалогқа дайын», - деді министр.
Өз кезегінде Нұр – Сұлтан қаласындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі- «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ директорының орынбасары Анар Шаймұханова кеңес құрамына 17 адам кіргенін атап өтті: 5 адам - мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері, 12 адам – коммерциялық емес ұйымдардан, белсенді азаматтар.
Алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар ынтымақтастыққа және ҚР МСМ қызметін жетілдіру тәсілдерін әзірлеуге қызығушылық танытты.
Қоғамдық кеңестің құрамы:
Абаев Дәурен Әскербекұлы-ҚР Мәдениет және спорт министрі;
Ахметова Мунирам Қасымқызы – «Қазақстан туризм индустриясы» республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы;
Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Вшивцева Наталья Николаевна – «Қазақстан қолөнершілер одағы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі төрағасының орынбасары;
Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас директоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты;
Есентаев Тастанбек Құтжанұлы – «Қазақстан кикбоксинг федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;
Жүсіпов Ермек Қожаұлы-зейнеткер, архив ісінің ардагері;
Иманқұлова Светлана Кеңесқызы – «Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Кәпұлы Дәулеткерей- «Қазақстан Жазушылар одағы» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры;
Омарқұлов Асқар Әлирахымұлы – «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары;
Рей Инна Юрьевна – «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрағасы;
Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – «Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;
Шәміл Раушан – «Туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;
Мұсақожаева Айман Қожабекқызы-Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор, скрипкашы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері;
Ерлан Рысқали-Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші;
Байжұма Асылбек-геральдикалық зерттеулер орталығының директоры, жазушы;
Ибраимов Ермахан Сағиұлы-Сидней Олимпиадасының чемпионы, «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары.