Қазақстандық дюдошылар Сурдлимпиадада жүлдегер атанды

Қазақстандық дюдошылар Сурдлимпиадада жүлдегер атанды

Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиадада төрт бірдей қазақстандық спортшы жүлдегер атанды. Ерлер арасында - 60 келіге дейінгі салмақта Әділбек Нұрмұхамед күміс жүлдеге қол жеткізсе, 73 келіде Шаяхмет Қанапиянов  қола жүлдені жеңіп алды.

Ал қыздар арасында - 48 келіде Қара оглы Фериде мен -52 келіде Дина Иржанова  ел қоржынын тағы екі қола жүлдемен толықтырды. Тағы бір спортшымыз 57 келі салмақ дәрежесінде Эвелина Егембердиева жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ каратэден Елена Салмина  (61 кг) соңғы секундтарда қарсыласына есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады.

Бүгін дзюдодан ерлеріміз 81, 90,100 келіде, әйелдер 63,70,78 келіде бақ сынайды.