Садриддин Ахмедов жеңіске жетті

Садриддин Ахмедов жеңіске жетті
 
 

Бүгін Канаданың Монреал қаласында өткен бокс кешінде қазақ былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен жұдырықтасып, 7-раундта нокаутпен ұтты.

Жалпы кездесу 10 раундқа жоспарланған еді. Жекпе-жек басынан Садриддин белсенді қимылдап, бірнеше ауыр соққысын дарыта алды. Қарсылас қарқынына шадас бере алмаған Антонио Вильялобос 7-раундта алған жойқын соққыдан соң жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Осылайша жастар арасында орта салмақтағы WBC чемпионы Садриддин Ахмедов 11 кездесуінің (оның 10-ы нокаутпен) барлығында жеңіске жетті.