
Рейтингте отандасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 6-орынға жайғасқан.
Естеріңізге сала кетейік, GGG 2014-2018 жылдар аралығында WBC алтын белбеуін иемденген еді.
Осы тұста анықтай кетерлік жайт, Головкин 2014 жылы 18 қарашада мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутпен ұтқан соң, WBC санатында уақытша чемпион болды. Ал 2016 жылы 18 мамырда мексикалық Сауль Альварес WBC чемпиондығынан бас тартқаннан кейін бұл атақ Геннадийге берілді.
Сонымен қатар, Г.Головкин (GGG) Worldboxingnews.net нұсқасы бойынша 2013, 2014, 2015, 2017 жылды ең үздік боксшысы атанған.