
Іс-шараға Олжас Сүлейменов, Нұржұман Ықтымбаев, Досхан Жолжақсынов және өзге де қоғам қайраткерлері, мәдениет-өнер майталмандары, әдебиет сыншылары қатысады.
Салтанатты жиында мерейтой иесі туындыларының желісі бойынша сахналық қойылымдар көрсетіледі.
Айта кетейік, Д. Амантайдың тұңғыш кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (романдар, повестер, әңгімелер, эсселер, 2000), «Гүлдер мен кітаптар» (роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме, 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин» деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған. 2010 жылы «Қарқаралы басында» атты кітабы жарыққа шыққан.
Дидар Амантайдың шығармалары 20 тарта шет тіліне аударылған.