
7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен шахмат пен тоғызқұмалақтан «Шахмат менің таңдауым», «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» атауымен жасөспірімдер арасында II республикалық бұқаралық турнир өтті.
Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Серік Ақтаев пен шахматтан халықарлық дәрежедегі гроссмейстер, Әлем және Азия чемпионы Динара Сәдуақасова қатысты.
Жарыста Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды қалаларынан келген 14 жасқа дейінгі 200-ге жуық жас бақ сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
Шахмат
Қыздар:
1-орын - Меруерт Камалденова;
2-орын - Алина Қайырбекова;
3-орын - Аяулым Қалдарова;
Ұлдар:
1-орын - Алдияр Аңсат;
2-орын - Альзияд Жасланұлы;
3-орын - Бексұлтан Мамраев;
Тоғызқұмалақ
Ұлдар:
1-орын - Нұрсәлім Ыбрайым (Нұр-Сұлтан);
2-орын - Қуаныш Қалелов (Қостанай);
3-орын - Ерсұлтан Жалғасбай (Қостанай);
Қыздар:
1-орын - Ақгүл Бауыржанқызы (БҚО);
2-орын - Раушан Әуелбай (Нұр-Сұлтан);
3-орын - Аяна Әнуарбек (Павлодар);
Сондай-ақ, шахматтан Аида Қамбар (Нұр-Сұлтан қ, 6 жас) мен
Дархан Махатов (Нұр-Сұлтан қ, 5 жас), тоғызқұмалақтан Айдана Манарбекқызы (Нұр-Сұлтан қ, 5 жас) мен Еркебұлан Жылқыбек (Нұр-Сұлтан қ, 7 жас) «Ең жас қатысушы» ретінде арнайы сыйлыққа ие болды.