Алматыда Конфедерация кубогы өтеді

Алматыда Конфедерация кубогы өтеді
 
7-8 желтоқсанда Алматыда «Балуан Шолақ» спорт сарайында спорттық жекпе-жек пен күш қолданатын спорт түрлерінен дәстүрлі конфедерация кубогы өтеді.

Жартылай финалдық кездесулер 7 желтоқсанда басталса, ақтық сын жекпе-жектері 8 желтоқсанға жоспарланған.
Биылғы бәсекеде командалар грек-рим, еркін және қазақ күресі, таеквондо, дзюдо, каратэ мен бокс сынды 7 спорт түрінен күш сынасады.

Жартылай финалдық кезеңге жолдама алған командалар:

Бокс: Шымкент қ., Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан қ., Маңғыстау облысы.

Дзюдо: Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, ШҚО, Алматы облысы.

Грек-рим күресі: Алматы қ., Шымкент қ, Қостанай облысы, Алматы облысы.

Еркін күрес: Алматы қ., Нұр-Сұлтан қ., Алматы облысы, ШҚО.

Таеквондо: Алматы қ., Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы.

Каратэ: Алматы қ., Шымкент қ., Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы.

Қазақ күресі: "Qazaq kuresi" клубы (Алматы), "ЗАК КАР" (Қарағанды облысы), "Qyzyljar Arlandary" (Петропавл), "Орталық армия спорт клубы" (ҚР ҚМ).

Айта кетейік, конфедерация кубогының жалпы жүлде қоры 165 млн. теңге. Сондай-ақ, осы жылдан бастап ақшалай сыйлық тек топ жарған командаға емес, барлық жүлдегерлерге бөлінеді.