Ақтоты Райымқұлова «Altyn Samǵaý-2019» Ұлттық сыйлығын табыстау рәсіміне қатысты

Ақтоты Райымқұлова «Altyn Samǵaý-2019» Ұлттық сыйлығын табыстау рәсіміне қатысты

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен «Altyn Samǵaý-2019» Ұлттық спорттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Өкілетті елшісі Тацухико Касаи,
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Серік Сәпиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Жалпыхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша:

«Қазақстан спортының майталманы» - Әмин Тұяқов.

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Элизабет Тұрсынбаева.

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Бекзат Нұрдәулетов.

«Жылдың үздік командасы» - Шайбалы хоккейден ерлер құрамасы.

«Үздік жас спортшы» - Әбілмансұл Батырғали.

«Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшысы» - Нұрлан Данбай.

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» - ҚР Шайбалы хоккей федерациясы.

«Үздік спорттық өңір» - Қызылорда облысы.

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» - Әсер Серікбаев.

«Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жылдың үздік бапкері» -Нұрлан Қиянов.

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» - Елена Круглыхина.

«Жыл жаңалығы» номинациясының жеңімпазы- Әлішер Ерғали танылды.