
Бүгін, 28 қарашада Қазақ Ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасындағы Израиль Елшілігінің ұйымдастыруымен «Достық көпірі» атты концерт өтті.
Іс-шараға келген Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшісі Лиат Вексельман ханым: «Жалпы бүгінгі концерттің «Достық көпірі» аталуының да өзіндік мәні бар. Біле білсеңіздер Қазақстан мен Израиль арасындағы мәдени-рухани тығыз қарым қатынастың тамыры тереңде. Екіжақты байланыс ХХ ғасырдың алғашқы жартысында мыңдаған еврей Қазақстан мен Орта Азия елдеріне жер аударылған кезден бастау алады. Осынау қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейілді, қонақжай қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз. Қазақ елінің бұл жақсылығын Израиль ешқашан да ұмытпайды. Қазір екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық мәдениет, экономика, әлеумет, білім беру саласында қарқынды дамып келеді», - деді.
Кеш барысында израильдік әнші, скрипкашы,музыка оқытушысы Яир Далал еврейдің ұлттық музыкасын, ал Калқаман Дүйсембаев жетекшілік ететін Еуразиялық студенттер симфониялық оркестрі Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай», Тілес Қажғалиевтің «Қыз қуу», Петр Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» туындыларын орындады.