
Жаһандық додаға сегіз команда қатысады. Қазақстан құрамасы сапынан Қорлан Жақанша (55 кг), Дастан Зарлыханов (60 кг), Ернұр Фидахметов (63 кг), Мейіржан Шермаханбет (67 кг), Ибргаим Магомадов (72 кг), Асхат Жаңбыров (77 кг), Мирас Баршылықов (82 кг), Азамат Құстыбаев (87 кг), Әлімхан Сыздықов (97 кг) және Нұрмахан Тынәлиев (130 кг) өнер көрсетеді.
Топтық бәсекеде жерлестеріміз Ресей, Иран және Куба балуандарымен күш сынасады. Ал екінші топта Өзбекстан, Жапония, Грузия және Венгрия құрамалары кім мықтыны анықтайды.