Дәурен Абаев Семейде азаматтарды қабылдады

Дәурен Абаев Семейде азаматтарды қабылдады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Семейге жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтарды қабылдау кезінде спорт секцияларын жан басына қаржыландыру, мәдениет саласындағы техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыру, тарихи объектілердің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ гид-экскурсоводтарды даярлау мәселелері қозғалды.

Министр азаматтардың барлық өтініштері бойынша толық түсініктемелер беріліп, оларды шешуге қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Айта кету керек, биылғы жылдың сәуір айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.