Музыка мектеп-интернаты оқушыларының есептік Гала концерті өтеді

Музыка мектеп-интернаты оқушыларының есептік Гала концерті өтеді

26 сәуірде, сағат 17:00де  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің концерт залында (Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 83) Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты оқушыларының есептік Гала концерті өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі есептік гала концерт өткізеді.

Ахмет Жұбанов 1964 жылы еліміздің түкпір-түкпірін аралап жүріп, қарапайым қазақ отбасыларында өсіп келе жатқан өнерге құштар, бірақ үйренуге мүмкіндігі жоқ жас талантты ауыл балаларына кәсіби тұрғыда оқытатын музыкалық мектеп ашқан болатын. 60 жылға жуық тарихы бар мектеп талай мәдениет және өнер қайраткерлерін түлеп ұшырды, оқушылар көптеген республикалық және халықаралық конкурстарда жеңіске жетіп, сахналарды бағындырып келеді. 

Гала концертке еліміздің көптеген өнер қайраткерлері қатысады.

Толық ақпаратты мына жерден алуға болады:

Аяжан Бауыржанқызы +77082715127;  aya_news@mail.ru