
Бүгін, 25 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кәсіби суретші Әсел Бекжанға көркем мәдениет пен өнерді дамытқаны және насихаттағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Кездесу барысында Дәурен Абаев жас суретшіге алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Біздің анықтама: Әсел Бекжан – портретші, өнертану ғылымдарының магистрі, «Таңшолпан» халықаралық тәуелсіз әйелдер қорының мүшесі, түрлі халықаралық көрмелер мен конкурстардың қатысушысы және жүлдегері.